Әлемнің ең ірі іскерлік және қаржы орталықтарының бірі - Лондондық ситиде «Астана» халықаралық қаржы орталығының «Инвестор күні» өтті. Форум жұмысына британиялық және халықаралық ірі инвестициялық және қаржы компанияларының басшылары қатысты. «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов қатысушыларға орталықтың стратегиялық міндеттемелері туралы айтып берді. Ол орталықтың құрылуы қазақстандық экономиканы әртараптандыруға бағытталған реформаның бір бөлігі екендігін мәлімдеді.  Сарапшылардың айтуынша, «Астана» қаржы орталығында ағылшын құқығын қолдану және қарым-қатынас тілі ретінде ағылшын тілін пайдалану Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыра түспек.

 

САЙМОН КОКС, «NORTON ROSE FULBRIGHT» КОМПАНИЯСЫНЫҢ СЕРІКТЕСІ: 

Менің ойымша, бұл бірігіп, жұмыс жасауға ниетті Астана мен Лондон үшін үлкен мүмкіндік. Келер айда мен Қазақстанға барып, қаржы орталығының жұмысында ағылшын құқығын қолдану мәселесіне заңгер ретінде қолдау білдірмекпін.

 

ҚАЙРАТ КЕЛІМБЕТОВ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ:

Лондондық компаниялардың Қазақстандағы жекешелендіру бағдарламасына деген қызығушылығы жоғары. Жақында Британиялықтар алдағы жылдары жекешелендіруге жататын «Самұрық-Қазына» қоры және ұлттық холдингтердің өкілдерімен кездесті.

 

Сурет: 24.kz

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер