Қазақ Елі Тәуелсіздігіне 25 жыл толған ұлық мерекені өзге елдерде өмір сүріп жатқан қандастарымыз да қызу мерекелеп, ақжарма тілектерін білдіруде деп хабарлайды Baq.kz.

 

Өзбекстанның Науаи облысында тұратын өнер қайраткері, қандасымыз Клара Садырбаева Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, видео-сәлем жолдады.

 

«Елдің бәрі жақсы, өз елің одан да жақсы» демекші, Қазақстан Республикасының баға жетпес байлығы болған Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүрегіммен құттықтаймын!

Қазақстанда жасап жатқан халықтарға тыныштық, амандық тілеймін!

Қазақстанда өтіп жататын шараларға шетелдегі қазақтарды шақырып, қатыстырып жатқаны үшін ризамыз!», дейді ол.

 

Видео: Руслан Қанабеков

Сурет: baq.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер