Отандық тур операторлардың қызметі  «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің мазмұнымен үндесуі керек. Бұл өз кезегінде  көрмеге жасыл экономиканы қолдап келген саяхатшылардың ішкі туризмге деген қызығушылығын арттырады. Бұндай пікір «EXPO&WOMEN» халықаралық ұйымы» мен «Қазақстан әйелдері қауымдастығының» бас қосуында сөз болды. Еліміздің белсенді дене қыз-келіншектері туристік орталықтардың инфроқұрылымы мен қызметінде баламалы энергия көздері енгізілуі  тиіс деген ойда. Ол үшін іскер әйелдер қазақстандық туризм саласына заманауи технологиялар пайдаланылатын жобаларды тартуды ұсынып отыр. Игі бастамаға халықаралық көрме уақытында қызмет жасайтын қонақ үйлер мен қоғамдық тамақтану орындарын да тарту көзделуде.

 

Салтанат РАХЫМБЕКОВА, «EXPO&WOMEN» ХАЛҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫ» ЗТБ ТӨРАЙЫМЫ:

Ғимараттардың ішінде жарықты ауыстыру тиімді жарыққа. Жылу жүйелерін қалай орналастыру, жылыжайларды орнатуға мүмкіншіліктері бар ма екен? Соларды бәрін қарастырып отырып кәсіби кеңес ретінде бүгінгі жақсы деген сарапшылардың ұсыныстарын дайындап отырмыз.

 

 

 

Сурет: Forbes.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер