Швейцария кәсіпкерлері Қазақстанда жұмыс істеуге мүдделі. «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне де белсенді атсалысуды көздейтін олар жасыл технология мен туризм және жол-құрылысы саласында да өз жобаларын ұсынуға әзір. Бұл туралы Швейцария мен Қазақстандық іскер топ өкілері арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімінде айтылды. Швейцарияның ТМД аумағы бойынша сауда палатасының президенті Ги Меттанның айтуынша осы елдің отызға жуық бизнесмені Қазақстанмен әріптестік байланыс орнатып, өз жобасын жүзеге асыру үшін серіктестер іздеуде. Швейцариялық медицина мен сақтандыру компаниялары да ынтымақтастықты жандандырып, біріккен кәсіпорындар ашуға қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар Қазақстандық дәрігерлерді оқытуға да ынталы.  

 

АЯН ЕРЕНОВ - ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІ СЫРТҚЫ САУДА ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Швейцариялық компаниялар үш бағытта әріптестік байланыс орнатуға құлшыныс танытып отыр. Атап айтқанда, білім саласы мен медицина және туризмге бағытталған нақты жобалары бар. Олар Қазақстан арқылы орталық Азия мен Қытайға және Ресей нарығына шығуды көздейді. Сонымен қатар, Алматыдағы қаржы ұйымдарымен әріптестік байланыс орнату да жоспарларында бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер