Пайдалы қазбалар қорын есепке алудың жаңа стандарттары енгізіледі. Бұл туралы геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев мәлімдеді. Оның айтуынша KAZRC геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералдық русурстар мен қорлары жөніндегі жария есептіліктің Қазақстандық кодексі биыл 14 маусымда халықаралық пайдалы қазбалар қорын стандарттау жөніндегі комитетімен мақұлданған. Бұл стандартқа көшу елімізде юниорлық компаниялар нарығын құруға және дамытуға ықпал етеді. Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда 24 жер қойнауын пайдаланатын шетелдік компания болса, шет жерде Қазақстандық тек 7 компания жұмыс істейді.

 

БАЗАРБАЙ НҰРАБАЕВ - ҚР ИДМ ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Кешендік инвестицияларды тартуға үлкен себебін тигізеді. Мұндағы мунау әлемдік банкілерге немесе биржаларға шыққан кезде беретін есептің ашықтығы, оның жаңағы болжамның барлық дәлелдігі айқындалып инвесторлерге түсінікті стандартта жасалынған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер