Елордада «Шырайлы Оңтүстіктің шежіресі»  атты көшпелі көрме ашылды. Онда облыстық бейнелеу өнері мұражайындағы үздік туындылар паш етілген. Сөредегі  тарихи тағылымы мол суреттерде 1916 жылғы  ұлт-азаттық көтерілістен бастап, ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне дейін бейнеленген. Қылқалам шеберлерінің құнды композициялары көпшіліктің көңілін тәнті етті. Сан алуан тақырыпты қамтыған кескіндемелер арасында "Домалақ ана", "Туған өлке", "Жас шопандар" сынды суреттердің шоқтығы биік.

 

Айнабек Оспанов, ҚР көркем сурет академиясының академигі:

Көрменің аты Шырайлы оңтүстіктің шежіресі деп аталғаннан кейін осы оңтүстік өмірдегі тарихи  кезеңдерді бейнеленген суреттердің саны 90 кескіндемелер жұмыс 20, 10 қолөнер шеберлерінің гобелендері.склейка Осы мәдениет күндері аясында жасалған  көрме Астана қаласының көз айымына айналады деп сенемін.Шығарманың мәніде мақсаты да жоғары дәрежеде.

 

 

 

Сурет: Baq.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер