"Қазақстан Ресей" әдеби альманахының екінші нөмірі Мәскеуде жарық көрді. Екі елдің шығармашылығына арналған басылым Қазақстанның Ресейдегі елшілігі, жазушылар одағы, "Әдебиет" пен "Роман" газетінің  мұрындық болуымен шығып отыр. Бұл өткен жылғы екі ел жазушылары кездесуінің жемісі десе де болады. Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде Қазақстанда жаңа қаламгерлер қауымы қалыптасты. Олардың туындылары өзімізден бөлек көрші ел оқырмандарының да қызығушылығын туғызып отыр. Альманахқа 50 -ден астам прозалық шығармалар мен таңдаулы өлеңдер басылған. Жазушылар шығармашылық жоспарын баяндап , қазіргі әдебиетке тән ортақ мәселелерді ортаға салды. 

 

Жанарбек Әшімжан, жазушы:

Бұл альманахқа негізінен Алматы мен Астанадағы белгілі болып қалған қаламгерлердің ғана барлық өңірден қаламгерлер түгел қамтылған.

 

Есей Жеңісұлы ақын:

Ары қарай жалғаса беруі керек. Қазақ драматургиясын жаңартуға , елмен ел арасындағы байланысты дамытуға құрал ретінде пайдаланған дұрыс сияқты. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер