Ғашықтарды табыстырған бағдарлама! Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы келген Мырзат пен Раушан отау құрып, болашаққа бірге қадам басуда. Бірі – осыдан 4 жыл бұрын, екіншісі биыл Семейдегі музыкалық колледжді тамамдап, ауылға бет алыпты.

 

Мемлекет оларға баспана мен көтермеақы берді. Жас отауға ұжымдастары да жөн сілтеп, ақыл-кеңестерін айтып отырады.

 

Раушан Қалқабаева, Қалбатау ауылының тұрғыны:

Біз екеуміз бір жерде істейміз, сонда танысып, бір-бірімізге қарама-қарсы отырамыз.  сондықтан сезім оты жарқылдап қалдық содан. Жалғыз отбасымен ғана шектелмей, жұмыс барысын екеуміз бірге атқарамыз.

 

Өнерде де, өмірде де қос аққудай қол ұстасқан ғашықтар облыстағы ең үздік мәдени ұжымға келгендерін мақтан етеді. Жарма аудандық Мәдениет Үйінде бүгінде  бірнеше ұжым берекелі еңбек етуде.

 

Мырзат Қадылхан, Қалбатау ауылының тұрғыны:

Болашақта осында ары қарай жұмыс істей берем, еңбек етіп, еліміздің дамуына үлес қосып мәдениет жағынан. Бала-шағаның, қазақтың санын көбейтіп, осында жұмыс жасай берем.

 

Жалпы 7 жылдың ішінде ауданға 220-дан астам жас маман келіп, тұрақтапты. Оларға мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуде. Келесі жылы да «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жалғасын тауып, жаңадан үйлер салынбақшы.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер