2020 жылы еліміздегі жалпы ішкі өнімнің 4,7% ақпараттық-коммуникациялық сектордың үлесінде болмақ.  Ал аталмыш саланың еңбек өнімділігі  34% артады деп күтілуде. Бұл көрсеткіштерге келер жылдан іске қосылатын «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қол жеткізу көзделіп отыр. Жоба 4 бағыт бойынша жүзеге асырылмақ.  Жоғары технологиялы сандық инфрақұрылым құру үшін алдымен елді-мекендерді кеңжолақты ғаламтор желісімен 90% қамту мақсаты тұр. Сондай-ақ, халықтың сандық сауаттылығын ашу, телекоммуникациялық хаб пен ақпараттық қауіпсіздікті дамыту жолдары қарастырылған. Ауыл шаруашылығы мен өндіріс салалары және көлік логистикасы жүйесін автоматтандыру, электронды сауда-саттықты жетілдіре түсу жоспарланып отыр.

 

Әлібек Ерғалиев, «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ департаментінің директоры

«Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты -  қазақстандықтардың өмір сүру сапасын көтеру және еліміздің бәсекеге қабілетті сандық экономикасын қалыптастыру. Біріншіден мемлекеттік электрондық қызметтер мен ақпаратқа қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Белсенді сандық үкімет пен сандық индустрияны дамыту үшін Smart City ақылды қалалар бастамасын қолға аламақпыз. Барлық жобалар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы жүзеге асырылады. 

 

Сурет: 7kun.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер