Астанаға Борис Эйфман атындағы Санкт-Петербург академиялық балет театры гастрольдік сапармен келеді. Әлемді талантымен тәнті еткен танымал труппа көрермен назарына «Евгений Онегин» балетін ұсынады. Қойылым «Астана Опера» театрында сахналанады. Театр жетекшісі Борис Эйфманның айтуынша, елордалық көрермендер алдында Ресейдің белді бишілері өнер көрсетеді. Айта кетейік, бұл - санктпетерборлық театрдың Астанаға алғаш рет келуі.

 

Борис Эйфман  Театрдың көркемдік жетекшісі

Біз Евгений Онегинді әлемнің  көптеген елінде көрсеттік.  Қойылым үлкен сұранысқа ие. Өйткені махаббат мәңгілік тақырып. Астаналықтар да балетке ерекше қызығушылық танытады деген сенімдемін.

 

Сурет: spbculture.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер