Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Таиланд королі Пхумипон Адульядеттің қайтыс болуына байланысты Таиланд Премьер-министрі Прают Чан-Очаға көңіл айту жеделхатын жолдады. «Король Адульядетті парасатты басшы, мемлекеттеріміз арасында достық қатынастар орнауына және нығаюына ерекше үлес қосқан көрнекті тұлға ретінде қазақстандықтар әрдайым есте сақтайды», – деп жазылған көңіл айту жеделхатында. Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтасып, өзінің және Қазақстан халқының атынан Прают Чан-Очаға, корольдің отбасы мүшелеріне және барша Таиланд халқына көңіл айтты.

 

Сурет: akorda.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер