Жамбыл теміржол стансасынан «Тәуелсіздікке 25 жыл» атты ақпараттық пойыз өңірдегі ауылдарды аралауға жолға шықты. Топ мүшелері аймақ тұрғындарымен кездесіп, егемендіктің ширек ғасырында еліміздің жеткен жетістіктері жайлы жан-жақты ақпарат беруді көздеп отыр. Сондай-ақ, түрлі сала мамандары тұрғындарға қазіргі таңда іске асырылып жатқан бастамаларды да жіліктеп айтып бермекші. Пойыз құрамында білікті дәрігерлер де бар. Олар тұрғындардың денсаулығын тексеріп, ауруларды анықтауға арналған қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.

 

БЕКБОЛАТ ОРЫНБЕКОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНІШ ОРЫНБАСАРЫ

Сол шалғай аудандарғы станса, разьездегі азаматтарға мерекемен құттықтай отырып, медицина саласынан дәрі-дәрмекпен , диагностикалық жұмыстармен қамтамасыз ететін болады. Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша осы топпен бірге , осы сәтті пайдалана отырып , 90 тонна азық түлік арзан бағамен жеткізіліп отыр. 

 

Сурет: turkystan.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер