Елімізде 2018 жылдан бастап ауыл әкімдерінің жеке бюджеті болады. Оған қоса салықтан түскен қаржының 50% жергілікті жердің қоржынында қалады. Бұл өңірлердің республикаға қарап отырмай өздігінен әрекет етуіне мүмкіндік береді. Бұл жөнінде Шымкентте өткен Парламент Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің көшпелі отырысында айтылды. Облыста индустрияландыру картасы шеңберінде 254 млрд теңгеге 166 жоба іске асқан. Оған қоса шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Отырысқа қатысқан облыстық мәслихат депутаттары комитет мүшелеріне білім саласына бөлінетін қаржыны оқушы санына қарап бөлу жөніндегі ұсыныстарын жеткізді. Өйткені оңтүстікте өзге өңірлермен салыстырғанда мектепке баратын бала саны жыл өткен сайын артып келеді. Екінші көтерілген мәселе денсаулық саласы мен мемлекеттік сатып алуға қатысты болды.

 

ШӘРІПБЕК ЖАМАЛБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Электронды жүйе дейді да сөйтіп осы жерде болып жатқан тендерді Алматыда немесе Астанада ұтып алады.3 млн тұратын қаржыны 1 млн теңгеге ұтып алады.Сөйтіп оны еш уақытта сапалы өткізбейді.

 

ГҮЛЖАН ҚАРАҚҰСОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ

Портал бойынша осы реформа басталған кезде бірқатар депутаттар қарсы болған. Біз өзіміз көріп отырмыз кейбір кезек күттірмей жасалатын операцияның кезек күтуі ойға сыймайтын жағдай. Оған қоса бұл сыбайластыққа  апарады. Сондықтан біз Тамара Дүйсенованың алдына мәселе қойдық жаңа тәртіп жасауға. Кез келген аурухана мен денсаулық басқармасының қолында  тізімі  және квота болуы керек. шұғыл операцияны қажет ететін науқасқа уақтылы жәрдем көрсету үшін.

 

Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Шымкент-кедендік рәсімдеу орталығының жұмысымен де танысты. Электрондық декларациялау мен соңғы үлгідегі қондырғылар шекарадан өтушілердің уақытын үнемдеп қана қоймай тауарларын бірнеше минутта рәсімдеп алуына мүмкіндік береді. Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожинның айтуынша, бұл жүйе бірінші кезекте бизнесті әкімшілік кедергілерден қорғауға сеп болмақ. Сондай-ақ, топ мүшелері «Оңтүстік» индустриялық және арнайы экономикалық аймақтардағы бірқатар кәсіпорындарды аралап көрді. Көшпелі отырыс еліміздің басқа да облыстарында жалғасын табатын болады. 

 

Сурет: uralskweek.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер