Кеше Marriott Astana қонақ үйінде «Хабар» Агенттігі жаңа телемаусымның тұсаукесері өтті. Кеш тақырыбы - «Таңғажайып телевизия әлемі». Қонақтар арасында Агенттік серіктестері, мемлекеттік және жеке құрылым өкілдері, жарнама компаниялары, белгілі әртістер және т.б. болды.

 

Телеотбасының үш арнасы, яғни «Хабар», «Хабар 24» және «Kazakh TV» шара қатысушыларына күзгі маусымның жаңа  жобаларын таныстырды.

 

Кешті Нұрсұлтан Құрман және Мая Бекбаева жүргізді. «Өгей жүрек» телехикаясының саундтрегін орындаған «Алау» тобы, халық әндерінің попурриімен «Белес» тобы,  «MegaBeat» тобы және «Биле, Қазақстан!» жобасының қатысушылары өнер көрсетті.

 

«Хабар» арнасының эфирі «Білу маңызды» және «Біздің назарда» сынды өзекті мәселелерді талқыға салатын,  әлеуметтік бағдарламалармен толығады. Ойын-сауықтық бағдарламалар арасында халықаралық «So You Think You Can Dance» би шоуының франшизасы «Биле, Қазақстан!» жобасы бар. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Ақылдың кілті. Өмірдастан» телеэпопеясы мен «Бәсеке» сериалының екінші маусымын, әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқов туралы өмірбаяндық картинасын, «Унесенные рейсом» және басқа да туындылар тізбегін ұсынбақ. Тәуелсіздік күніне арнайы «Пай-пай 25» және «Наши 25» бағдарламалары көрсетіледі. Бұл жобалардың барлығы 1991 жылдан бастап мемлекеттің жеткен жетістігі туралы паш етеді.

 

Жаңалықтарға маманданған «Хабар 24» арнасында сараптамалық және репортаж жанрындағы бағдарламалар саны артады. Сонымен қатар экономика, спорт және халықаралық шолулар, арнайы авторлық репортаждар, баспасөзге шолу және көптеген жобалар әзірленуде. Жаңа маусымда «Нарық айнасы», «Культвояж», «Медицина», «Олимп» және «Ақша әлемі» хабарлары бар.    

  

«Kazakh TV» арнасын ауқымды өзгерістер күтіп тұр. 25 қазан күні «Білім және Мәдениет» және «Kazakh TV» арналары бірігіп шығады. Жаңарған арна Қазақстан және оның сыртында жұмысын жалғастыра бермек. Шет елдегі көрермен үшін ағылшын жәна қазақ тілдерінде, ал мемлекетімізде орыс және қазақ тілдерінде шығады. 

 

Өз сөзінде Басқарма Төрайымы Алмагүл Ахметжанова: «Біз бір орында тұрмаймыз, үнемі компаниямызды жақсарту жолдарын іздейміз. Бүгін жаңарған арналарымыздың мүмкіндіктері мен артықшылықтары, шама-шарқын көрсету үшін жиналдық» деді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер