Халықаралық рейстерді тұрақты түрде қазақстандық екі әуе компания ғана жүзеге асырады, олар - «Эйр Астана» және «СКАТ», деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

2015 жылы аталмыш компаниялар халықаралық бағыт бойынша 1,8 млн. жолаушыны тасымалдаған. «Эйр Астананың» нарықтағы үлесі 89 пайызды (1 581 094 адам), ал «СКАТ» компаниясының үлесі  11 пайызды (194 626 адам) құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Қазақстандық әуе компаниялардан бөлек, қазіргі уақытта халықаралық әуетасымалы нарығында 22 шетелдік компания бар. Олардың қатарында Turkish Airlines, Etihad, Aeroflot, KLM, Lufthansa, China Southern Airlines, Asiana Airlines, Fly Dubai, Өзбек әуежелісі  сияқты ірі әлемдік әуе компаниялары бар. Дегенмен, халықаралық жолаушыларды тасымалдауда қазақстандық компаниялардың үлесі басым. Орташа есеппен жыл сайын 51% және 49% құрайды. Бұл жерде 51% қазақстандық әуекомпаниялардың үлесінде.

 

Бүгінгі таңда Қазақстанда аптасына 88 халықаралық бағыт бойынша 26 шетел мемлекетіне 425 әуе рейсі жасалады.

 

Қазақстанның ТМД елдерімен 50 бағыт бойынша әуе қатынасы жолға қойылған (аптасына 236 рейс). Сондай-ақ Таяу Шығыс елдерімен 15 бағыт (аптасына 92 рейс), Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен 14 бағыт (аптасына 69 рейс) және ЕО елдерімен 9 бағыт бойынша (аптасына 28рейс) әуе қатынасы бар. 

 

Фото: Forbes.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер