Қазақстан ең үздік стартап жобаларға байқау жариялады. Жеңімпаз ЭКСПО 2017 көрмесіне қатысады. Бүгінгі күнге дейін 50 елден келіп түскен өтінімдер арасынан  баламалы энергетика және жасыл экономика салаларында үздік деп танылған 36 елден, 100 стартап анықталды. Араларында қазақстандық өнертапқыштар да жоқ емес. Енді үміткерлердің ішінен мықты 30 жоба 27 қазан күні Астанада өтетін шара барысында таңдалмақ. Кейін бұл стартап авторлары халықаралық көрмеге шақырылады. Байқауды ұйымдастырушылар, таңдаулы жобалар Қазақстанның павильонына қоюлы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

 

Асқар МҰНАРА - "МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ, АҚПАРАТТЫҚ ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН АТҚАРУШЫ:

Сол 30 жобаны қазақстанның шетелдегі  инвесторлары инвестиция құяды. Сол компаниялардың 30 пайызын ба, 50 пайызын ба сатып алады. Бұл дүниежүзінде бір компанияны бір компанияның сатып алуы көрсету деген ондай практикалар бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер