Лондондық бизнес-қауымдастыққа Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтарының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Шетелдік бизнесмендер әсіресе мемлекет қолдап отырған жаңа бастамаларға қызығушылық білдіруде. Кейінгі 10 жылда  Ұлыбритания Қазақстанға 11 млрд. АҚШ долларынан астам қаржы құйды.

 

АЛМАС АЙДАРОВ, «KAZNEX INVEST» АҚ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір Қазақстанда 800-ден астам Ұлыбританиялық компания жұмыс істеп жатыр. Олардың басым көпшілігі заң, қаржы саласындағы консалтинг және мұнай бизнесінде жүргендер. Біз қазір оларға жергілікті жерде орнығуға жағдай жасау мүмкіндіктерін беріп жатырмыз. Бұл дегеніңіз – дайын инфрақұрылым, Қазақстандағы негізгі салықтық міндеттемелерден босату.

 

КРЕЙГ АРНОЛЬД, «WILLIAM HARE» КОМПАНИЯСЫНЫҢ САТУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

Біз Қарашығанақ кен байыту орнын кеңейту аясында құрыш конструкцияларын жасаумен айналысамыз. Қазақстанның инвесторларға беріп жатқан үлкен мүмкіндіктеріне ризашылығымыз зор. Оларды кеңінен пайдалануға британиялық компанияларды шақырамыз.

 

 

 

Сурет: expert-ct.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер