Биыл ауыл шаруашылығын қолдауға қосымша 42,9 млрд теңге бөлінеді. Соның 30,2 млрд теңгесі асыл тұқымды мал шаруашылығы мен өнім сапасын жақсартуға бағытталады. Сонымен қатар, инвестициалық салым кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау бойынша бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен қосымша 12,7 млрд теңге бөлу мәселесі де шешімін тапты. Мұндай сома Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңірлер арасында өткен кеңес кезінде аймақтар тарапынан түсіпті. «ҚазАгро» тарапынан келетін несиелердің де шаруаларға ауыр тиетіні айтылып, мамандар 6-9 пайыздық сыйақы мөлшерлемесі келесі жылдан бастап тағы 1,5 пайызға азаятынын жеткізді. Сала мамандарының сөзіне сенсек, күзгі жиын-терімге бөлінген жанар-жағар май мәселесі толық шешілді.

 

 

Нұрболат МАҚАШЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ СТРАТЕГИЯ ЖӘНЕ ТАЛДАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Үкіметтен 392 мың тонна жеңілдетілген жанар май бөлінді. Енді бөлінген жанар-жағар май бүгінгі күні бұл толықтай жүзеге асырылды. Сонымен қатар ауа-райына байланысты ылғалды астықты құрғату үшін осы қазан, қараша айларында 74 мың 400 тонна жанар май орташа бағамен берілу көзделіп отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер