Францияда Алматының мыңжылдығына арналған шара өтті.  Алматының атақты апорты бұл елде алғаш рет 1900-ші жылы Парижде өткен халықаралық көрмеге қойылған.  Енді 100 жылдан астам уақыт өткеннен кейін, әйгілі алма ағашы мен қазақтың киіз үйі Юнеско-ның штаб пәтерінің алдынан орын алды. Келушілер мыңжылдық тарихы бар шаһардың өткені мен бүгінгі күнінен мағлұмат беретін бейнероликтерді тамашалап, "Белгісіз Қазақстан" атты фото көрме қойылған құнды экспонаттарға қанық болды. 

 

Шара барысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жиналғандарға шаһардың бай тарихын баяндап, бүгінгі даму қарқынын сөз етті.                                                                                                 

 

БАУЫРЖАН БАЙБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

195 мемлекет жалпы бір ауыздан дауыс беріп, Алматы қаласының мыңжылдығын ЮНЕСКО тізіміне енгізіп, жалпы сол меркелік халықаралық даталарға енгізіп, біз елімізде 200-ден астам шара өткіздік. Бүгінгі негізгі осы шаралар өз мәресіне жетіп жатыр. Біз Алматы қаласының мыңжылдығын мына дәл Париждың ортасында, жүрегінде өткізіп, жалпы біздің мәдениетімізді, дәстүрімізді, тілімізді дүние жүзіне паш етейін деп жатырмыз.

 

ГЕТТАЧУ ЕНГИДА, ЮНЕСКО БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл ЮНЕСКО үшін де Қазақстан үшін де маңызды шара. Менің барша қазақстандықтарда тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл жылдары Қазақстан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Қала әкімі айтып өткендей жалпы ішкі өнім көлемі 16 есе артқан. Республика халқы мұндай жетістіктерді мақстан ете алады.

 

Мерекелік шара «Сазген-Сазы»оркестірінің және еліміздің белгілі мәдениет қайраткерлерінің концертімен жалғасты.Қазақстандық әртістердің өнері жиналған көреремендердің көңілінен шыққаны байқалды. 

 

 

 

Сурет: 365info.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер