Шығыс Қазақстандағы өзен-көлдерде балық санын көбейту шаралары басталды. Қара Ертістің сағасы мен Зайсан және Бұқтырма су қоймасына тұқы балығының 320 мың шабағы жіберілді. Осылайша табиғатты қорғау құрылымдары  судағы тіршілік иелерін көбейтудің қамына кірісті. Бұл жобаны жүзеге асыруға алғаш рет облыс қазынасынан 5 жарым миллион теңге қаражат бөлініп отыр. Айта кету керек, су қоймалары маңайындағы ел үшін балықты көбейту жұмыстарының әлеуметтік маңыздылығы жоғары. Жалпы Ертістің бойында 18-ден астам елді мекен бар.

 

Арман ЕСЕНТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Өзен көл жағасындағы ауыл аймақ тұрғындары үшін бұл шараның маңызы ерекше екені сөзсіз. Біздің мақсатымыз да сол- халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге сеп болу.

 

 

 

Сурет: Altaynews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер