Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қызметін жалғастыру туралы келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады. Құжатты білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев таныстырды. Сала басшысының айтуынша, халықаралық ғылыми-техникалық орталық 1992-ші жылы ядролық қаруды таратпау мақсатында Еуропалық одақ, Ресей, АҚШ пен Жапония арасындағы келісім бойынша құрылған. Еліміз осы орталыққа 1995-ші жылдан бері мүше. Ал 2015-ші жылы орталықтың штаб-пәтері Ресейден Қазақстанға көшірілді. Қазір орталық Назарбаев Университетінің ғимаратында орналасқан. Қаражат та университеттің қазынасынан төленеді. Ерлан Сағадиев бұл орталықтың штаб-пәтерін 2017-ші жылы ЭКСПО көрмесі өткеннен кейін осы қалашықтағы ғимараттардың біріне орналастыру жоспары барын айтты.

 

Ерлан САҒАДИЕВ - ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Әр жоба бойынша орталық бөлетін грант сомасы ғылыми ұйымның сұраған сомасына байланысты. Әр жоба бойынша орташа сомма 10 мыңнан 600 мың АҚШ долларына дейін болады.  Жобалардың жалпы ұзақтығы - 2-3 жыл. Енді өткен 20 жылдың  ішінде Қазақстан ғалымдарына орталық бөлген гранттар көлемі 75млн. долларды немесе гранттардың жалпы сомасының  13 пайызын құрады. Осы кезеңде 206 грант 5 мыңдай қазақстандық ғалымдарға сол ақша бөлінген. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер