Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде еліміздегі ана мен бала өлімі бірнеше есеге азайды. Мәселен егемендіктің алғашқы жылдары босанған 1000 әйелдің 67-і қаза болса, өткен жылы бұл  көрсеткіш 12-ні құрады. Ал балаларға қатысты коэфицент аталған аралықта 27-ден 9-ға төмендеді. Осының арқасында халықтың өсімі айтарлықтай нәтиже берді. Яғни ширек ғасыр ішінде ел тұрғындарының қатары 1 миллион 200 мыңға артты. Бұған себеп болған тағы бір фактор неке құрушылардың саны жыл өткен сайын артып, ажырасу деректерінің азайып жатқандығы. Ал баланың туылуына қатысты көрсеткіште айтарлықтай өзгеріс жоқ. 90-шы жылдары 1000 адамға шаққандағы жылдық көрсеткіш 21,50-ді құраса, қазір 22,60.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер