Адамзаттың көз алдында, құрдымға кете жаздаған Арал теңізі Тәуелсіздіктің 25 жылдығында кемеріне келді. «САРАТС» жобасының арқасында теңізден бөлек, аймақтағы 158 көлдің де арнасы толды. Жалпы экологиялық апат шеңгеліне түскен айдынының құрғаған ұлтаны 4 миллион гектардан астамды  құрады.

 

17 шақырымдық 9 өткізгіші бар алып Көкарал бөгеті салынып, Сырдария суы тұрақтала бастады. Арал ауданының экономикалық-әлеуметтік ахуалы жақсарып, кезінде үдере көшкен ел-жұрт ата қонысқа оралды.

 

ҚҰДАБАЙ ЖИЕНБАЕВ – ҚАРАТЕРЕҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Қазір Қаратерең ауылдық округінде 1702 жан тұрады. 312 үй бар. Жылына 19-20 ға дейін жаңа үй салынып, жастар жекеленіп шығып осы кәсіппен айналысып келеді. Салыстырмалы түрде кешегі Тәуелсіздік алған жылдың басымен салыстырғанда бізде халық 2 есеге шоғырлануға айналды.

 

Қазіргі таңда Арал айдынынан балықтың 22 түрі ауланады. Жылына 3 мың тонна теңіз өнімдері Еуропа елдеріне экспортталады. Бұл әрине ата кәсіппен айналысушылардың табысын молайтуға сеп болып жатыр.

 

АБЗАЛ МҰХИМОВ – АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Балық шаруашылығы дамуының арқасында қазір маусымдық жұмыстың өзінде 3 жарым мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып отыр. 8 зауыт жұмыс жасап тұр. Қазір жылдық балық аулау лимиті 8 мың тоннаға жетіп отыр.

 

Қазақ даласында Каспий, Арал теңіздері мен Бал­қаш көлі секілді келісті сулы алабтары ерекше ихтиофаунаға ие. Бүгінде Тұран ойпатының көгілдір алқасы саналатын Аралда туризм индустриясының да дамуы  байқалады.

 

АБЗАЛ МҰХИМОВ – АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ауданның жақсы бір мақтанышы бұл Қамбаш көлі екенін білесіздер. Қамбашта біз былтырдан бастап жұмыс жасап, ретке келтіріп жатырмыз. Инфрақұрылымын, төңірегіндегі транспорттық жүйесін, су-электр жүйесін. Соның арқасында былтыр 70 мыңнан астам турист келген болса, биыл 100 мыңнан асып отыр.

 

Аймақта  «Арал күндері» мерекесін өткізу дәстүрге айналған. Шара шеңберінде дәстүрлі өнерді насихаттаушылардың байқауы ұйымдастырылып, шұбат және жеміс-жидек фестивалі өткізіледі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер