Әлемді велосипедпен шарлап шықпақ  кореялық жігіттер Орал қаласына жетті. Ким Киунг-Сонг пен Ки Хон Ли - немере ағайындылар. Екеуі де жоғарғы оқу орнын бітірген. Саяхатшылардың бірі - сауда саттық саласында еңбек етеді. Екіншісі  -  бағдарламашы мамандығын меңгеріпті. Көліктері барлық керек-жарағымен қамтылған. Қоржындарында азық-түлік пен киім-кешегі, бейнекамералары бар. Жігіттер сапарларын «Бақытты туризм» деп атапты. «Саяхатқа шығуды көптен армандадық. Ақыры ақшамызды жинап, 4 ай бұрын Испанияның Барселона қаласына ұшып келдік. Кейін велосипедпен Франция мен Италияны, Шығыс Еуропа мен Ресейді араладық. Енді міне, Қазақстанға да жеттік. Ұшы-қиырсыз, далиған кең даладан алған әсеріміз ұшан-теңіз,»-дейді саяхатшы жігіттер.        

 

КИМ КИУНГ-СОНГ, САЯХАТШЫ:

Қазақстанда біз негізінен дала жолдарымен жүріп келеміз. Елді-мекендердің арасы өте қашық болғандықтан, су табудан қиналғанымыз рас. Бірақ, жолдарының сапасы ұнады. Көп жерлерде жөндеу жұмыстары жасалып жатыр екен. Сәулет ескерткіштеріне бай әрі жасыл желегі мол Орал қаласы туралы әңгіме бөлек. Ендігі бағытымыз Қырғызстан мен Қытай. Сосын жарты жыл шамасында елге ораламыз деген ойдамыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер