Ел дамуын межелі мақсат еткен "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысына - 5 жыл. Патриоттық бірлестік құрылған күннен бері ұлттық құндылықтарды ұлықтап, тарихи деректерді кеңінен насихаттап келеді. Мерейтой аясында ұйым белсенділері бас қосып, берекелі бастамаларын жүйелі жоспарға арқау етті. Сөйтіп ұлы дала даңқына арналған мұражай салу жобасын талқылады. Сондай-ақ, қозғалыстың дамуына қомақты үлес қосып, ілкімді іс атқарған бірқатар ұжым және қоғам қайраткерін алғас хатпен марапаттады. "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамына да құрмет көрсетілді. Медиа холдингкке біріккен 4 республикалық арна "Ұлы дала қырандары" қозғалысының қолдауымен бірқатар телевизиялық жобаны жүзеге асырды. Атап айтқанда, ұйым мүшелері  "Аймақтар аламаны" және "Жігіт сұлтаны" сынды бағдарламаларға ат-салысты.

 

Ринат КЕРТАЕВ, "ХАБАР" АГЕНТТІГІ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Болашақта осы ынтымақтастық жалғасады деген ойдамыз. Бүгін енді ұлы дала қырандары өздерінің 5 жылдығына арналған шарада тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы ішінде ұлттық мәдениетті, дәстүрді, жалпы алғанда руханиятты дамытуға атсалысып жүрген әр түрлі ұжымдарды үздік деп танып, арнайы сыйлықтарын тапсырып жатыр. Соның ішінде БАҚ саласы бойныша "Хабар" агенттігіне басымдық берілген екен. Бұл "Хабар" агенттігіне, оның құрамына кіретін 4 арнаға артылған сенім. Қоғамның, зиялы қауым өклдерінің бағасы деп білеміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер