Елбасы астық жинау науқанының табысты аяқталуына орай еліміздің  шаруаларына құттықтау жолдады.

 

Қазақстанда жиын-терін науқаны аяқталуда. Бұл – ауыл еңбеккерлері, агроөнеркәсіп кешені мен еліміз үшін азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейін көрсететін маңызды оқиға. Биылғы науқан нәтижесін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тарту деп бағалауға болады. Бұл жолы жиналған астық – осы кезеңдегі ең ірі жетістіктің бірі,-делінген құттықтау хатта.

 

Астықтың жалпы көлемі 23 миллион тоннадан асты, былтырғыдан бір жарым есе артық. Ақмола, Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарының диқандары 5 миллион тоннадан астам, Қарағанды облысында миллион тоннадан астам астық жиналып, бұрын-соңды болмаған көрсеткішке қол жеткізілді. Ауыл шаруашылығы саласындағы өзге дәнді дақылдар бойынша да жиын-терін науқанының нәтижелері жақсы. Қызылорда облысында күріштен рекордтық өнім алынды. Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстанда көкөніс пен жеміс-жидек өнімділігі артты. Майлы дақылдар көлемі 1,2 есе ұлғайып, соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетеді деп болжануда.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер