Елімізде трансплантация тегін жасалады. Бұл туралы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Мұндай қымбат операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілген соң ақысыз жасалады. Мамандардың айтуынша, қазір  трансплантацияға 3000-ға жуық азамат зәру. Елімізде  көбінесе бүйрек, бауыр және жүрек алмастыру операциясы сәтті жасалып жүр. Болашақта дәрігерлер ішек жолдарына да осындай операция жасауды қолға алмақ.

 

ТІЛЕУХАН ӘБІЛДАЕВ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ АҚЫ ТӨЛЕУ КОМИТЕТІ ҚАЛАЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Бауыр мен жүрекке жасалатын трансплантация шамамен 3 млн теңге тұрады. Ал, тиісті бағдарлама қабылданған соң, ел азаматтарына мұндай көмек тегін көрсетілетін болады.

 

Сурет: Do4a.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер