«Бірлік пен біртектілікті нығайту бойынша этносаяси менеджмент». Қостанайда осындай атаумен өңірлік семинар-тренинг өтті. Оған Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының өкілдері қатысты. Басқосуда бірнеше өзекті мәселелер талқыға салынды. Жиналғандар өзара тәжірибе алмасып, тың идея, заманға лайық жаңа әдістемелерімен бөлісті. Қазақстан халқы Ассамблеясының «болашағы бір ұлт» реформасын жүзеге асыру жайы мен елдің 2025-ші жылға дейінгі даму жоспары сараланды. Осы ретте барлық салада қоғаммен етене араласып жүрген Ассамблеяның Қостанай облыстық филиалының ісі көпке үлгі боларлық. 

 

ӘЛІМЖАН БЕКМАҒАНБЕТОВ, ҚХА ҚОФ ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Мысалға, аналар кеңесі бар, ғылыми сараптамалық кеңесі болады. Медиация сосын қайырымдылық осының барлығын дамыту жөнінде нақты жұмыстар атқарылып жатыр, қазір қарап тұрсақ біздің облысымызда тұңғыш рет үлкен ұжымдық монография жасап жатырмыз. 

 

Сурет: Kagro.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер