Шығыс Қазақстандағы балабақшалар бөбектерді интеллектуалды дамытуға арналған экологиялық таза, әрі сапалы ойыншықтармен толық қамтамасыз етіледі.  Бүлдіршіндерге арналған ойыншықтарды  жасау  туралы ұсынысқа «Өскемен қызмет көрсету саласы» колледжінің студенттері бел буа кіріскен. Барлық бұйымға тек қана  қайың ағашы қолданылады. Өйткені сапа мен тазалық бірінші орында тұр.

 

АЙЖАН САДЫҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Ағаш өңдеу мамандығында  оқып жатқан студенттердің көмегімен, осындай кешендер дайындап оны сертификациядан өткізіп, бағаны екі есе арзандатуға қолымыз жетті.

 

БАТЫРХАН ҚҰСМАНОВ, "ӨСКЕМЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ" КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Өзімізде мүмкіндік болса, өзііз істеуіміз керек.Ағаш жағынан ғана емес,темір басқа да жағынан да мүмкіндік бар.Бүгінгі күні құдайға тәуба,істеуге болады.Істеймін деген ынта болса.

 

Рашид Сағиевқа балаларға арналған ойыншықтарды әрлеу, тегістеу міндеті жүктелген. Ол бұл жұмысқа шеберлік қана емес, аса мұқияттылық қажет дейді.

 

РАШИД САҒИЕВ, СТУДЕНТ

Мен осы ойыншықтарға әр беремін, тегістеп жөндеп соңғы жұмыстарды жасаймын. Қызыққан адамға қиын емес. Бір кешенді дайындауға бірнеше сабақ арналады.

 

2 мыңнан астам элементтен тұратын интеллекуталды дамыту жиынтығының құны енді бұрынғыдан бірнеше есеге арзан. Егер мектепке дейінгі ұжымдар қызығушылық танытса, болашақта барлығы да осы  жергілікті өніммен қамтамасыз етілмек.

 

Сурет: Altaynews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер