Солтүстік пен Шығыс Қазақстан облыстарының ынтымақтастығы арта түсті. Өңірлер бір – бірін комбайнмен, жер өңдеу, дән сепкіш және коммуналдық техникалармен, электр оқшаулағыш материалдарымен, вагондардың қосалқы бөлшектерімен және майлы дақылдармен қамтамасыз етеді. Тараптар осы жолы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, сауда – саттық және инвестиция тарту бойынша келіссөздер жүргізіп, өзара әріптестік орнатты. Кездесу кезінде кәсіпкерлер аймақтардың тауар айналымын арттыру жағы да талқыланды. Бұл Шығыс пен Солтүстік арасындағы қарым – қатынасты одан әрі нығайта түсуге мүмкіндік береді.     

 

ДАНИАЛ АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Өзіміздің үлкен кәсіпорындардың бастықтарын әкеліп отырмын. Біз бірге істейміз аз уақыттың ішінде үлкен нәтижиелерге жетеміз. Мынау «ҚазЦинк»-пен, содан кейін «Восток – Минирал», сонымен «ҚазАтамПром» бірге жұмыс істейді. Барлық зауыттарды аралап, бірге жоба істейтін мүмкіншілікті табамыз.

 

ЕРІК СҰЛТАНОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Шығыс қазақстан облысы біз үшін өте маңызды сауда – экономикалық әріптес. Екі облыс арасындағы қарым – қатынас көп жылдар бері жалғасып келеді. Бірқатар келісім-шартқа қол қойдық. Ол қандай бағытта? Бірінші ауыл шаруашылығы, машина жасау саласы, сонымен қатар өндіріс.

 

Сурет: 365info.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер