Алматы қаласының 1000 жылдығына орай ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде киіз үй мен алма бағы орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Киіз үйдің ішінде Алматы қаласының табиғаты мен заманауи қаламен таныстыратын музыкалық арнайы эффектілермен көркемделген видеоларды көрсететін экран орнатылған. "Бұл идея жайлы біз көктемде ойлап жүргенбіз. Егер де сіз киіз үйдің ортасында болсаңыз, сіз міндетті түрде Қазақстан табиғатының тамашалығын сезіне аласыз. Біз Қазақстанның дамып жатқан мемлекет екенін көрсете отырып, қазіргі Алматының көрінісін жеткізгіміз келеді , яғни елімізге келетін туристердің санын көбейткіміз келеді", - деді киіз үйді қойғандар.

 

Фото: tengrinews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер