Латвия өзін «Жаңа жібек жолы» жобасына қатысушы ретінде қарастыруда. Рига ынтымақтасудың басым бағыты ретінде Қазақстанның көлік және транзиттік әлеуетін қарастырады. Көлік министрі Улдис Аугулис басқарған  Латвияның делегациясы осы және басқа да мәселелерді  Астанада өтетін  үкіметаралық комиссияның отырысында  талқыға салмақ.

 

Улдис Аугулис, Латвияның көлік министрі:

Қазақстан біздің өте маңызды әріптесіміз, сондай-ақ «Жібек жолы», «Бір белдеу – бір жол»  әлемде бұрын  болмаған жаңа жобаларды алсақ та.  Әрине,  Латвияның  Балтияға, Скандинавияға және де Еуропаға жүк тасымалдауына өз үлесімізді қоссақ деген ниеттеміз.

 

Үкіметаралық комиссияның отырысында қаралатын тағы бір мәселе – екі ел арасында әуе қатынасын орнату. Латвияның ұлттық әуе тасымалдаушы компаниясы екі арада рейстер ашу бойынша өз  ұсыныстарын әзірлеуде.

 

Янис Ванагс, Air Baltic-тің корпоративтік коммуникациялар жөніндегі вице-президенті:

Қазақстанда Алматы мен Астанаға ұшу мүмкіндіктерін қарастырып отырмыз. Келесі жылдары біз оны аяқтаймыз, Қазақстанға ұшатын заманауи ұшақтарымыз болады. Бірақ бұл да бағыттың пайдалылығына байланысты. Жергілікті биліктің, кәсіпкерлердің туризм мен саяхаттың дамуына қаншалықты үлес қосқысы келетініне байланысты.

 

Кездесу барысында қоршаған орта, ауылшаруашылық, банк арасындағы ақшалай аударымдар, білім беру, туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері де талқыға түспек. Нәтижесі бойынша Қазақстан мен Латвияның байланыстарын жаңа деңгейге көтеретін екі жақты келісімдерге қол қойылады деген үміт бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер