Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданындағы орталық кітапхана тың туындылармен толықты. Оқырмандарға мұндай мүмкіндікті «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынып отыр. Ел аумағында бастау алған «Білімді ұлт» акциясы аясында палата өкілдері кітапханаға үш тілде жарияланған 300-ге жуық кітап пен үш компьютер тарту етті. Оған таңдамалы шығармалардың электронды нұсқалары мен азаматтардың өз кәсібін ашып, бизнесін өркендетуге үйрететін арнайы бағдарламалар енгізілген. Кітапханаға берілген туындылардың ішінде классикалық шығармалармен бірге қазіргі заманғы әдебиет, бизнес және іскерлік тақырыбында жарық көрген аудио-бейне жазбалар да бар. Бұл жастардың білімге деген құштарлығын арттырып қана қоймай, оларды ерте бастан кәсіпкерлікке баулуға мүмкіндік береді,-дейді мамандар. Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағылар алдағы уақытта шалғай ауылдардағы кітапхана сөрелерін осындай жаңа туындылармен толықтыруды жоспарлап отыр. 

 

Нұржан ӘЛТАЕВ, "АТАМЕКЕН" ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кәсіпкерлерге бизнеске қарасты қазақ тілінде жазылған кітаптар өте аз. Біз Алматы менеджмет университетімен бірге бизнесте кәсіпкерлер арасында өте көп оқылатын кітап дүние жүзінде«Стратегия голубого океана»дейтін «Көгілдір мұхиттың стратегиясы»деген кітапты тұңғыш рет қазақшаға аударып оны осы кітапханаға бердік. Енді басқа да кітаптарды аударып осындай кітапханаларға жеткізетін боламыз.

 

 

 

Сурет: Elitefon.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер