Журналистер арасындағы "Самғау" ұлттық байқауына 74 жұмыс ұсынылды. Бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы шығармашалық бәйге 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Байқаудың жүлде қоры - 10 миллион теңге. Жеңімпазға отандық "Jac S3" автокөлігі табысталып, 7 аталым бойынша үздік шыққан қарымды қалам иесіне отандық өнімдер сыйға тартылады. Сондай-ақ, келер жылы әлемнің 12 мемлекетіне сапарлау үшін жолдама беріледі. Жалпы, елімізде 3 мың бұқаралық ақпарат құралы бар. Сондықтан қатысушылардың жұмыс орнына шектеу қойылмайды. Ал шығармашылық еңбекке отандық тауар өндірісі мен брэндтік өнімдер арқау етілуі тиіс. Айта кетейік, "Халық маркасы" белгісін тағы 500-дей қазақстандық кәсіпорынға беріледі. Сөйтіп, олардың өнімі арнайы павильонға қойылады.

 

Бибігүл Жексенбай, бас редакторлар клубының президенті:

Бұл байқауға қатыса отырып, біз қоғамымызды дамытуға үлкен үлес қосатынымызды білдіргім келеді. Тағы да айтамын. Әлі де уақыт бар. Кез келген аймақтан, кез келген жанрда осы байқауға қатысып, өз жұмыстарыңызды ұсына аласыздар.

 

Римма Тәжібаева, "Халық маркасы" қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы" ЗТБ президенті:  

Қазіргі таңда біздің павильонда 100-ден астам брэнд орналасты. Әрі қарай оларды шақырту жұмыстары, орналастыру жұмыстары жалғаса береді. Қазіргі таңда 5 мың квадратқа орналастыру жұмысы жүріп жатыр. 2017-нің экспосына дейін жалғаса береді. Әрі қарай 10 мың шаршы метр бар.

 

 

 

Сурет: kaztrk.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер