Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, сондай-ақ қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысын талқылады. Екі ел көшбасшысы Қазақстан мен Өзбекстанның үкіметаралық байланыстарының оң нәтижелерін атап өтті. Бұдан бөлек, Мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер