Жамбылдық бағбандар алма жинауға кірісті. Өнім әр гектардан орта есеппен  70 центнерден келеді. Айнұр Бесбай бес жыл бұрын отырғызған ағаштарының алғашқы жемісін теріп жатыр. Шаруаға кезінде мемлекет қолдау көрсетіп, шығынның тең жартысына субсидия төлеген еді. Қазір еңбегі жанып, алма мен алмұртты Тараздан бөлек, Астана, Алматы, Шымкент сияқты ірі қалалардың нарығына шығара бастады.

 

Айнұр БЕСБАЙ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ТӨРАЙЫМЫ:

Жарты бағасынан төмен бағаға алып, 2-3 есе қосып халыққа үлкен бағамен сатып жатыр халыққа. Болашақта сондай бір павильондар болса, біз делдалдардың көмегінсіз сол жерге прямой поставка дейді ғой. Прямой поставка жасап қол жетімді бағамен сатар едік.

 

Эльдар СМАИЛОВ, ЖҰМЫСШЫ:

55 гектардың 20 гектарын теріп қойдық. Бұны ұрмай-соқпай қорапқа әдемілеп жинау керек. Ең бастысы сол. Ал біреуі ұрылып жиналса қалғандары да шіріп кетеді.

 

Айта кету керек, жергілікті шаруашылықтар кейінгі уақытта интенсивті алмабақ егуге бет бұруда. Себебі бұл жоба арқылы өнімділікті екі есеге дейін арттыруға болады.

 

Баймахан ПІРІМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Соңғы жылдары 2014-тен бастап үдемелі алма бақ дейміз. Сол алмабақтарды қолға ала бастады шаруашылықтар. Особенно Жамбыл, Байзақ аудандары.  Бұл жоба үдемелі алмабақтардың жобасы Серб, Польша мемлекеттерінен алдырып, соның өкілдіктерімен қарауында қазір өсірілуде.

 

Жалпы облыста үш мың гектар алмабақ бар. Оның 60 пайызы соңғы бес жылда егілген.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер