Қарағанды облысындағы әскери полигонда тілшілер қауымы оқу-жаттығудан өтті. Олар арнайы мақсаттағы жасақ құрамында лаңкестерге қарсы күрес жүргізу, қарулы топтардың шабуылына төтеп беру және соғыс жағдайында қалай іс-әрекет етуді үйренді.

 

Бұл теледидардан күн ара көретін шетелдік атыс-шабыс фильмдерінен көрініс емес. Қорғаныс министрлігінің өкілдері соғыс жағдайында тек тілшілер ғана емес, жалпы бейбіт тұрғындарға да қандай қауіп төнетінін  көрсетті.  

 

Рустам ЭЮБОВ, ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Бұл жерде журналистер әскери қақтығыс болатын аймақтардағы жағдайдың қандай болатынын көрді. Ондай қатерлі жерлерден  ешқандай тәжірибесіз репортаж жасаудың мүмкін емес екенін сезінді.

 

Сценарийге сәйкес әскери тілші тұтқынға түседі. Ол тұтқыннан қашып шыққанда лаңкестер шабуыл жасайды.

 

Лаңкестерден  екі өкпеңді қолыңа алып қашу аздық етеді. Қауіпті сәтте дұрыс тығылып, жасырына білу де маңызды.

 

Алишер АБДУЛЛИН, ӘСКЕРИ ДУСКУРСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Басында бойды үрей биледі. Соғыс жағдайында жұмыс істеу қаншалықты ауыр әрі қиын екенін сезіндік

 

Үш жарым сағатта 40 адамнан тұратын топ 15 шақырымды жүріп өтті. Қауіпті жолда 5 адам тұтқынға түсті. Сонымен бірге әскери техникаға шабуыл жасалды.

 

 

 

Сурет: kriminalka.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер