Қазақстан 2017 жылдың қаңтарынан бастап экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері мен 14 экономикалық дамыған және саяси тұрақты мемлекеттермен визасыз режимге өтеді, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

 

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтқан болатын.

 

Ал қазірдің өзінде елімізге Ресейден, Түркиядан, Италиядан, Германия мен, Нидерландтан, АҚШ және Ұлыбританиядан келетін қонақтар саны артып отыр. Алдағы жылдан бастап визасыз режимге өтетін болсақ елімізге келетін туристер саны еселенетіні сөзсіз.

 

Сонымен қатар, ішкі туризм бойынша өсім байқалады. Өткен жылдың баламалы кезеңімен салыстырғанда биылғы жарты жылдықта өсім 6% құрады. Бурабай, Алматы, Алакөл және Бұқтырма бұрынғысынша халық көп баратын негізгі бағыт ретінде қалып отыр.

 

Қонақ үйлердің де саны көбейді қазір. Осыдан он жыл бұрын Қазақстанда барлығы 871 қонақ үй болса, бүгін олардың саны 2441-ге жетті.

 

Қонақ үйлердің көрсеткен қызметі 2015 жылы 73 млрд. теңгені құраған. Ал бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрын 47 млрд. теңге болған.

 

ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық аясында еліміздің көрнекті жерлерін қамтитын 73 туристік бағыттың тізімі бекітілді және көліктік инфрақұрылымды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Сыртқы туризмді реттеу бойынша да белсенді жұмыстар қоса атқарылады. Министрлік Түркиядан, Грузиядан туристерді шығару жұмыстарын жедел қамтамасыз етеді (төтенше жағдайда).

 

Жүйелік шара ретінде мұндай жағдайларды шешу үшін жеке ұйым қоры жолдарымен ҚР азаматтарының құқықтық кепілдеме жүйесі енгізіледі. Ол жүйе туроператорлар міндеттерін дұрыс орындамаған жағдайда туристерді шығарып алумен айналысатын болады.

 

 

 

Сурет: provisa24.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер