Дүниежүзілік пошта одағының 26 Конгресінде дауыс беру нәтижелері бойынша Қазақстан төрт жылға Әкімшілік кеңестің мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.kz. Бұл мүшелік қазақстандық мамандарға әлемдік пошта саласын өзгерту үшін инновациялық шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді. Саланың жұмыс істеуінің жаңа механизмдерін ұсыну және енгізу құқығы Дүниежүзілік пошта одағының құрамындағы 192 мемлекеттің ішінде тек 40 мемлекетте ғана бар.

 

ДПО Конгресі көптеген әлем елдері арасындағы реттеуіштері, ұлттық пошта байланысы операторлары және іскерлік қоғамдастық өкілдері үшін пошта байланысын дамыту перспективалық мәселелері бойынша талқылауға және шешімдерді қабылдауға арналған басты алаңы болып табылады.

 

Біздің еліміздің атынан делегация құрамын «Қазпочта» АҚ топ-менеджменті және ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілдері құрады.

 

Сондай-ақ, меморандумға қол қою шеңберінде тараптар е-коммерцияны дамыту, тәжірибе мен ақпарат алмасу, қызмет көрсету сапасы, пошта-төлем қызметтері, филателия, жедел аударым жүйесі және т.б. жөнінде ынтымақтастық туралы келісімге келді.

 

Қазақстан бүгінгі таңда 192 мемлекетті біріктіретін, Дүниежүзілік пошта одағының толық құқылы мүшесі болып табылады.

 

Конгресс барысында, қатысушылар пошта қызметтерінің жұмыс сапасын жақсартуға, әлемдік пошта инфрақұрылымын дамытуға, қызметтердің ассортиментін кеңейтуге, соның ішінде, заманауи ақпараттық технологияларды ескере отырып пошталық әкімшіліктерімен ұсынылатын қаржылық қызметтерге бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.

 

 

Сурет: baq.kz

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер