Елбасы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады. Ресми рәсімге Австрия, Ватикан, Германия, Грекия, Голландия, Швейцария, Жапония және Катар елдерінің дипломаттары қатысты. Мемлекет басшысы елшілерді құттықтап, олардың қызметі ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келгенін атап көрсетті. Және елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті

Біздің ел сындарлы және бейбіт бастамаларымен, көпжақты халықаралық аренада істеп жатқан істерімен сіздерге белгілі деп санаймын. Бұған Қазақстанның 2017-18 жылдары БҰҰ ҚК мүшесі болып сайлануы дәлел. Біз ҚК мүшесі ретінде әлем назарын өз өңірімізге аударып, Оорталық Азия үшін өзекті мәселелерді көтеретін боламыз. Осы жолда сіздердің елдерден қолдау табамыз деп сенемін.

 

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тағы бір халықаралық бастамасын таныстырды.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті

Қазақстан жаһандық ядролық қозғалысқа бастамашы болып, оның көшбасшысына айналғанын дүние жүзі мойындады. Осы ретте бүгін сіздерге және халқымызға жаңа бастаманы айтып кеткім келеді. Мен арнаулы сыйлық тағайындау жөнінде шешім қабылдадым. Бұл ядролық қарусыздану мен қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін Қазақстанның халықаралық сыйлығы болып саналады. Тұңғыш сыйлықтың алғашқы лауреаты болып Иордания королі Абдалла 2-ші таңдалды.  Келесі жолдары арнайы комитет құрылып, сол комитеттің шешімімен, жыл сайын ядролық полигон жабылған 29 тамызда тапсыратын боламыз.

 

Сурет: tengrinews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер