Шығыс Қазақстан облысындағы Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық паркі "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысушыларды қарсы алуға қызу дайындық үстінде. Парк 643 мың гектар аумақты алып жатыр. Басынан қар кетпейтін таулар да,  құлай аққан сарқырамалар да, ит тұмсығы батпайтын ормандар мен мұзтаулар да осында. Осының барлығына жарнама ғана жетпей тұр, сондықтан парк жетекшілері ЭКСПО көрмесін пайдаланып қалмақ.

 

Ерлан Мұстафин, Катон-Қарағай ұлттық табиғи паркінің бас директоры

ЭКСПО-ға байланысты Катон-Қарағай Ұлттық паркінде, Катонқарағай ауданында көрсететін үлкен табиғи кешендер бар, сарқырама бар, көлдер бар, мұзтау бар біз айтқан, солардың бәрінде, альпинизм, атпен серуендеу, 9 маршрутты аралап көру.

 

Парк ұжымы бұл жерге бір келген адамның қайта ораларына сенімді. Мәселен, 7 мың шақырым жолды автокөлікпен жүріп өткен жас турист, мәскеулік фотограф Дина Фатаховаға  Катонқарағайдың көз тартар әдемілігі керемет шабыт сыйлапты. Оның үстіне ұлттық  дәстүрдің көріністері шет елдік қонақты ерекше таң қалдырған екен. 

 

Дина Фатахова, турист /Мәскеу/

Мен алдымен Монғолияға барып, сосын  Қазақстанда 10 күндей болармын деп жоспарлағанмын.  Алайда мінеки осында  тоқтағаныма  бір ай болды, мүлдем қайтқым келер емес.  Бұл жер мен ойлағандай емес, табиғатымен де ұлттық нақыштарымен де айырықша ұнады.

 

Ұлтық парк ұжымы рафтинг спорты бойынша пилоттық жоба бастамақ. Балық аулау, атпен серуендеу,  қиын соқпақтар арқылы сарқырамаға жету сияқты демалыс түрлерін де ұсынуға дайын. 

 

Александр Кобзев, Катон-Қарағай ұлттық табиғи паркінің бөлім басшысы

Бүгінде атқарылып жатқан ең үлкен шаруалар осы «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне әзірлік. Қазір аймағымызды  одан сайын көріктендіріп,  кем-кетік жерлерді қалыпқа келтіріп жатырмыз.  Туристерді қыдырту үшін ең әдемі ең ерекше  бағыттар таңдалған.

 

Парк жетекшілігі  қонақтарға  қолайлы болуы үшін, дәл осы аумақ ішінен марал шаруашылығын ашуды да көздеп отыр.  Айта кету керек,соңғы 15 жылда Катонқарағай  аймағына келген туристер саны 10 есеге артқан. 

 

Сурет: www.tigrotour.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер