Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай тарихтан сыр шертетін жаңа интернет портал іске қосылды. "National digital history" сайты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тың ақпараттар ұсынады. Жоба "Қазақстан тарихы", "Тұңғыш Президент", "Ұлы дала" атты бірнеше бөлімнен тұрады. Энциклопедиялар мен аңыздарды, рухани мұралар мен географиялық деректерді де осы порталдан табуға болады. Бейне және аудио жазбалар беріліп, мәліметтер инфографика түрінде де безендірілген. Сайттағы ақпараттар күнделікті жаңартылып, толықтырылып отырады. Портал барлық оқырманның сұранасын қанағаттандыруға бағыттылған. Әсіресе, оқушылар мен мұғалімдерге және студенттерге қажет мағлұматтар өте көп. 

 

Дәурен АБАЕВ - ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРІ:

Елбасы айтқандай, тарихи таныммен ұрпақ өседі, ұлттық сана қалыптасады.  Батырлық пен даналық та, ізгілік пен имандылық та біздің түп тамырымыз. Ең бастысы оның бәрі құр аңыз емес, тасқа қашалған ғылыми деректермен нақтыланған тарих. Осыны лайықты насихаттасақ, жаңа буын арасында Отансүйгіштікті, ұлтқа деген мақтаныш сезімін күшейтері анық. Ол үшін біздің тарихымыз осы заманның тілімен сөйлеуі тиіс.

 

Олжас БЕРКІНБАЕВ - "NATIONAL DIGITAL HISTORY" ИНТЕРНЕТ ПОРТАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

"National digital history"  порталы ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың 100 нақты қадам ұлт жоспарының  87-қадамын жүзеге асыру негізінде құрылып отыр. Бұл порталдың мақсаты қазақстан тарихы туралы, еліміздің мәдениеті, тарихи орындар туралы кең ақпаратты заманауи үлгіде интернет кеңістікте жеткізу.Кез-келген адам біздің порталға кіріп әлеуметтік желілер арқылы пікір қалдыра алады.

 

 

 

Сурет: inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер