Еліміздегі кәсіпкерлердің 65 пайыздан астамы банк карточкасы арқылы төлем қабылдайтын пост-терминалдар орнатты. Бұл туралы Алматыда өткен ТМД елдері салық органдары басшыларының үйлестіру кеңесінде Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мәлімдеді. Сондай-ақ, ТМД елдерінің Бас салықшылары көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға арналған тағы бір маңызды құжаттың жобасына қол қойды. Енді келесі жылдан бастап достастық елдерінің салықшылары электронды ақпарат алмасу жүйесіне көшеді. Яғни қағазбастылық болмайды.

 

Дәулет ЕРҒОЖИН, ҚР ҚМ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл жұмыс сапасын жақсартып, Қосымша құн салығын тездетіп қайтаруға мүмкіндік береді. Өйткені, экспорт және импорт жөніндегі мәліметтер тез өңделетін болады. Сонымен қатар, тексерулерге де қатысы бар. Халықаралық келісім-шарттардың негізінде салық төлеушілердің тауар құнын қаншалықты арзан немесе қымбат көрсеткенін анықтау жеңілдейді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер