Қазақстан мен Ресей арасында қатынайтын пойыздарға шекаралық бақылау жүргізілмейді. Сонымен қатар, еліміздің батысын орталық және оңтүстік өңірлермен жаңа жүрдек пойыздары жалғайды деп жоспарланған. Бұл бастамалар жолға кететін уақытты үнемдеп, тауар тасымалын арттыруға негіз болмақ.

 

Нұрбек Қабижан, ҚР ИДМ көлік комитетінің басқарма басшысы:

Егер де жалпы Қазақстан республикасының тауар айналымын алатын болсақ, барлық мемлекеттермен, 40 пайызы, темір жол тасымалдарын алатын болсақ, 40 пайызы Ресей Федерациясына жұғысты. Жылдамдық артатын болса, + ол жүк тасымалдарының үлкеюіне үлкен үлесін қосуы мүмкін.  

 

Жуырда өткен бизнес форум аясында екі елдің іскер топ өкілдері құны 3 млрд. доллардың 56 келісімін бекітті. Былтыр тараптардың тауар айналымы 14 млрд. долларды еңсерген еді. Алайда, алыс-беріс 2014 жылмен салыстырғанда 20-25 пайызға кеміген. Жаңа бастама осы олқылықтың орнын толқытуда маңызды рөл атқармақ.

 

 

 

Сурет: nb.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер