Еліміздегі Ұлттық парктерге бір реттік кіруді тегін ету ұсынысы жасалды. Қазіргі таңда кіру құны 200тенге. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мұндай бастамасы әзірге мақұлданбады. Ұсыныс қолдау тапса, бұл ереже 2018жылдан бастап күшіне енеді. Мамамандардың пайымынша, бұл еліміздегі экотуризм саласын дамытуға сеп болар еді. Жыл басынан бері ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға 700мың адам келіп кеткен. Соңғы бес жылда туристердің саны 5млн құрады. Олардың үштен бірі шетелдіктер. Жалпы елімізде 12 ұлттық парк, 10 қорық пен 5 табиғи резерват бар. Оларды қаржыландыруға биыл республикалық бюджеттен 8млрд тенгеден астам қаржы бөлінді. 

 

ҚАЙРАТ ҮСТЕМІРОВ - ҚР АШМ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒА МІНДЕТІ АТҚАРУШЫ:  

Бүгінгі таңда туристік бағыттар көбейіп келеді. Оларды жаңғырту, жарнамалау біздің негізгі мақсатымыз. неғұрлым көрікті орындар мен нысандар көрсетілетін 3Д сапарлар әзірлеуге кірістік. Ақылы қызметтерден жиналған қаржы парктер мен қорықтардың инфроқұрлымын дамытуға жұмсалады.

 

 

 

Сурет: fun-in-kz.livejournal.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер