Қазақстанда қазір 40 мыңға жуық еңбек мигранты бар. Бұл - ресми мәлімет. Ал  бейреми деректер бойынша олардың саны 300 мыңнан асып жығылады. Ендігі негізгі мәселе осы заңсыз көші қонды болдырмау, адам саудасына жол бермеу және шетелден келген мамандардың құқын қорғау. Аталған тақырыптар Үкімет отырысында көтерілді. Адам құқықтары жөніндегі арнайы комиссияның мүшелері аталған кедергілерді жоюдың оңтайлы жолдарын талқылады. Бірақтар тиімді ұсыныстар болды. Енді аталған құжаттар бір баяндамаға біріктіріп, Мемлекет басшысының қарауына ұсынылмақ.

 

Тастемір ӘБІШЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ХАТШЫСЫ:

30 дамыған мемлекеттің қатарына қосылу үшін еліміздегі адам құқықтарының сақталуы жоғары деңгейде болу керек. Соның ішінде, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтвары. Еңбек мигранттары болсын, адам саудасы болсын, немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары болсын құқықтары өз дәрежесінде қорғалуы тиіс.

 

 

 

Сурет: namba.kg

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер