Қарағанды облысында шағын және орта бизнес те қанат жайып келеді. 25 жылда кіші кәсіпкерлікпен айналысатын ұжымдар саны 86 мыңға жетіп, өңір экономикасына өзінше үлес қосып жатыр. Облыста өндіріліген өнімнің көлемі 700 млрд. теңгені құрап, алды өзге аймақтарға экспорттауға көшкен. Бұл туралы Астанада Қарағанды облысы күндеріне байланысты өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Жандос Әбішев мәлім етті. Биыл кеншілер аймағы ауыл шаруашылығы саласында да мол өнімге кенелеміз деп отыр. Егін егудегі соны технологиялардың арқасында диқандар 1 млн тонна астық жинап, 46 жылда болмаған көрсеткішке жетеміз дейді. Қарағанды облысының Астанадағы күндері қарсаңында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Кеншілер аймағы елордада 250 тонна көкөністі төмен бағамен сатуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, елордалықтар Қарағандыдан келген түрлі мәдени ошақтардың өнерін тамашалап, рухани азық та алады.

 

Жандос ӘБІШЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Жыл соңына дейін біз облысымызда тағы 344 мәдени іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Ең бастысы олысымызда жыл басынан бері 36 жаңа нысан ашылды. Олардың арасында екі балабақша мен екі мектеп балаларға өз есігін ашты. Ауылдық жерлерде 25 отбасылық емдеу мекемелері салынды. Жаңадан 3 сауда орталығы мен 4 өндірістік кешен де іске қосылды. Тәуелсіз еліміздегі тұңғыш энерго блоктың құрысы аяқталып, Қарағанды ТЭЦ-3 кешені пайдалануға берілді. Бұл аймақтағы жылу энергиясының жетіспеушілігін азайтты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер