Ақтауда заманауи дайвинг орталығы ашылады. Кешеннің үлгісі инвестициялық форумда ұсынылды. Өлке туризмінде мұндай жоба бұрын-соңды болмаған. 185 млн теңгенің жобасы өңір туризмін дамытуға серпін береді дейді мамандар. Сондай-ақ, Ақтауда бу-газ өндіретін қондырғы салу жоспарда бар. Қуаты 250 мегаваттық турбина - электр, ауыз су мен жылу мекемелерінің қуатын арттырып, өндіріс күшін еселейді. Жаңа технологияның құны 73 млрд теңге тұрады. Халықаралық форумда бұл қондырғы шетелдік инвесторлардың да қызығушылығын туғызды. 30-дан астам елдің бизнес өкілдері жиналған шара кезінде кәсіпкерлерге қызмет көрсететін «Маңғыстау» ортылығымен әріптестікті нығайту бойынша 5 меморандумға қол қойылды.

 

Сапар АМАНБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

«Маэк-Қазатомпромда» орналасқан үш ТЭЦ бар сКл.осы күнге дейін ауыстыратын заттарын ауыстырдық. Ол қайталап жөндеуге де келмейді. Сол себептен біз алдын ала, кәсіпорын қасына сол қуаттылықты ұстап қалу үшін осы жобаны іске асырып жатырмыз.

 

 

 

Сурет: thenews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер