Лондонда елордаға әкелінетін Ұлыбритания павильонының тұсаукесері өтті. Онда Астана ЭКСПО-2017 жұмысына қатысуға ниет білдірген британиялық ірі 20 компания өз ойларын ортаға салды. Олар технологияларды өндірушілер ғана емес көрме кезіндегі және көрмеден кейінгі жұмыстарға араласуға ниетті.

 

Чарльз ХЕНДРИ, ҰЛЫБРИТАНИЯ ПАВИЛЬОНЫНЫҢ БАС КОМИССАРЫ:  

Біз жаңа теxнологиялар ұсынамыз. Олардың энергетика мәселелерін қәзір және болашақта қалай шешетіндігін түсіндірметін боламыз. Бұл іске бизнес-қауымдастықты және университеттерді тарту ойымызда бар.

 

Ұлыбритания Астана Экспо-2017 көрмесінің 48-і қатысушысы ретінде тіркелген. Жалпы бұл елдің баламалы қуат көздерін өндірумен аты шыққан. Тұсаукесерді  Ұлыбританияның халықаралық сауда министрлігі мен Қазақстан Республикасының Лондондағы елшілігі ұйымдастырды.

 

Ерлан ЫДЫРЫСОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Үлкен бәсекелестіктің нәтижесінде ЭКСПО-2017 өткізу құқығына ие болғанымызды мақтанышпен айта аламыз. Сіздердің көрмелеріңіз шығармашылықтарыңыз бен көрегендіктеріңіздің арқасында ең тартымды көрмелердің бірі болатындығына сенімім зор.

 

 

 

Сурет: ru.sputniknews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер