Еліміздің жүк флоты тағы бір кемемен толықты. "Атамекен" деп аталатын жаңа су көлігі Ресейдің Шлиссельбург қаласынан айдынға аттанды. Бұл – "Нева" - кеме жасау және жөндеу зауытының арнайы жасап шығарған екінші алып су көлігі. Сыйымдылығы 7000 тонна,  техникалық әлеуеті зор құрғақ жүк кемесі межелі міндетін орындауға дайын.

 

Диас ЫСҚАҚОВ, "KTZ EXPRESS" АҚ ПРЕЗИДЕНТІ:

Биыл бұл зауытта жасалған екі жүк кемесінің жалпы құны 34 миллион долларға шықты. Жұмсалған қаржы толық өтеледі деп ойлаймыз.

 

Салтанатты шара аясында алып кеме суға түсірілді. Дәстүрге айналған бөтелке сындыру рәсімін Каспий жағалауындағы елдердің әскери-теңіз күштерінде қызмет ететін жалғыз офицер қыз Жанар Ыбраева өткізді.  

 

Теңіздегі жүк тасымалына деген тәуелділікті төмендету үшін еліміз енді екі теміржол паромын салады. Ал 2020 жылға дейін құрғақ жүк тасымалдау флотындағы кемелер саны 20-ға жетеді. Сол арқылы Ақтау портынан жіберілетін құрғақ жүктің 55 пайызы қамтылады. Жаңа кеме Ақтау портына жыл аяғында жетеді. Сөйтіп, еліміз Каспийдегі жүк тасымалының 22 пайызын жүзеге асырады.

 

Сабырбек ӘДІЛГЕРЕЕВ, «KTZ EXPRЕSS SHIPPING» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

25 жылдан бері Қазақстанда құрғақ жүк флоты болмады. Каспийде көбіне Иран мен Әзірбайжанның кемелері қатынады. Енді өз кемелеріміздің арқасында, бәсекелестік күшейді.

 

 

 

Сурет: sudostroenie.info

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер